Американдық адмирал НАТО-ның Еуропадағы бірлескен Қарулы Күштерінің Жоғарғы қолбасшысы болып тағайындалды

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО-ның Әскери жоспарлау комитеті генерал Бантц Крэддокты НАТО-ның Еуропадағы бірлескен Қарулы Күштерінің Жоғарғы қолбасшысы міндетінен босатып,

Американдық  адмирал  НАТО-ның Еуропадағы    бірлескен Қарулы Күштерінің  Жоғарғы қолбасшысы  болып тағайындалды
ол қызметке адмирал Джеймс Г.Ставридисті тағайындау туралы АҚШ Президенті Барак Обаманың ұсынысымен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комитет генерал Б.Крэддокты қызметінен босатуға үлкен өкінішпен келісім беріп отыр. НАТО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтерінің атынан генералға атқарған үздік қызметі үшін алғыс айтылды. Адмирал Ставридис жаңа қызметке тағайындалғанға дейін, АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығын басқарып келген. Ол НАТО-дағы қызметпен қоса, Президент Барак Обаманың жарлығымен Еуропадағы американдық әскери контингенттің қолбасшылығына тағайындалып отыр.