Американдық актерларға Джексон туралы фильмге түсуге тыйым салынды
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - АҚШ киноактерларының гильдиясы өз мүшелеріне Майкл Джексонның шығармашылығына арналған деректі фильмнің түсіріліміне қатыспауды ескертті,
деп хабарлайды Variety басылымы.
Майкл Джексон туралы деректі фильмді түсіру жобасына AEG Live промоутерлік компаниясы Sony Pictures және Sony Musiс кинокомпанияларымен бірлесіп продюссер болып отыр. Әншінің концерттері мен дайындықтарының үстінде түсірілген жазбаларға негізделген деректі фильм қазан айының 28-інен бастап екіапталық прокатқа шығады.
Актерларға тыйым салуға Киноактерлар гильдиясы мен актерлардың осынау жобаға қатысу шарттарын белгілейтін AEG Live промоутерлік компаниясының арасында келісімнің жасалмауы себеп болып отыр, дейді дерек көздер.