Американдық Астана жайында түсініксіз фильм түсірді

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық  Ив Суссман кинематографияда жаңа жанрды ойлап тауып, өзінің идеясын Қазақстан туралы фильм түсіру арқылы іске асырды.
None
None

Атап айтқанда, бұл картинаны екі мәрте көру мүмкін емес. Себебі, фильмді көрермендер үшін қойған сайын компьютер кадрларды ауқымды база ішінен кездейсоқ ретпен құрастырып, бірегей жаңа лентаны жинайды. Бұл жайында «Экспресс К» басылымы жариялап отыр.

Ив Суссман мен оның командасының фильмі "Whiteonwhite: algorithmicnoir"  (Ақ ақтың үстінде: алгоритмдік нуар) атты атауға ие болып отыр. Картина Қазақстанда жазылған 3 мың клиптен, 80 аудио жазбадан және 150 музыкалық үзіндіден тұрады. Осы елеулі жиынтықтың барлығы компьютер базасында қорытылады.

Ив Суссманның пайымдауынша, электрондық агрегат таспаны бір-бірімен ретсіз тұрғыда жалғап қана қоймай, өзара байланысқан тарихты тізіп, көрермендердің фильмді ынтамен көруіне тартады. Жоғарыда аталған ерекшелікке сәйкес осы тектес картинаның сюжетін суреттеу адамдарға қиынға түсетін секілді.

Фильмді көрген кезде экраннан Астананың түнгі пейзажы көрініс береді. Ал кадр сыртынан музыкалық қорапшаның үні немесе ұшақ дауысы шығады. Сонымен қатар картинадағы әйелдің мұңды  дауысы лирикалық батыр жайында әңгіме айтып жатады. Туындының жалпы түсініксіздігіне қарамастан ондағы хикая қызықтырады. Осы орайда  "Whiteonwhite: algorithmicnoir"  лентасын Қазақстан жайында жасалған ең өзгеше картиналар санатына жатқызуға болатындай. Ив Суссман өзінің шығармасын Sundance  және  Berlinale секілді әлемге танымал фестивальдерде таныстырып та үлгерді.

Соңғы жаңалықтар