Американдық әйел салмағын 730 келіге жеткізуді армандайды
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемде екі санаттағы әйелдер бар: бірі арықтауды армандаса, екіншісі, керісінше - толыcуды қалайды.
Американдық Сьюзен Эман екінші санаттағы әйелдерге жатады.
Perfekt Lady журналының жазуынша, қазір ол 3,5 центнер тартады, бірақ ол бұған қанағаттанбай, салмағын 730 келіге жеткізуді армандайды. Және мұның барлығы - сүйіктісі үшін.
Өткен жылдың көктемінде жуан әйел әлеуметтік желіде салмақты әйелдерді жақсы көретін, аспазшы - Паркер Клэкпен танысқан. Ол уақытта 3,5 центнерлік Сьюзеннің үш баласы бар болатын. Ғашықтар отбасын құрды, қазір жас зайыбы үшін аспазшы түрлі тәтті тағамдар мен Сьюзен қалағанның бәрін дайындайды. Ерекше әйел күйеуіне тағы 730 келіге дейін толысуға уәде етуде.
Осы күнге дейін Сьюзен өзіне-өзі қызмет ете алады. Ол өз еркімен қозғалады, тіпті дене жаттығуларын жасайды.