Американдық әйел үлкен «Монополия» ойынынан 50 мың доллар ұтып алды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Невадада тұратын американдық әйел Ким Хайнен (Kim Heinen) Лас-Вегас көшелерінің біріндегі үстел үсті ойын түрлерінің бірі «Монополиядан» 50 мың доллар ұтып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Ойын 60 шаршы метрлік үлкен алаңда жүргізілді, фишкалардың рөлін жарысқа қатысушы ойыншылардың өздері орындады.
Ойын жеңілдетілген ереже бойынша жүргізілді және ойын алаңымен алғаш толық шеңбер жасаған кез келген ойыншы жеңімпаз деп саналды. Жарысқа 33 адам қатысты, оларға көршілес орналасқан Bally's казиносынан келген қыздар ілесіп отырды.
Бір адым артта тұрған Хайден бәсекелестерінен озу үшін екі ойын кубиктерін салып, кемі 8 ұпай жинауы тиіс болатын. Екінші орынды Жаңа Орлеаннан келген Патриция Розер (Patricia Roser) иеленіп 20 мың доллар алды. Үшінші жүлде 15 мың долларды құрады, ал жоғары орындарға қол жеткізе алмаған қалған ойыншылардың барлығына да 500 доллардан бұйырды.