Американдық әйелінен құтылу үшін түрмеге отырды

АСТАНА. Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат -  Американың Пенсильвания  штатының  тұрғыны   әйелінен құтылу  үшін     түрмеге  отырды, 
None
None

деп   хабарлайды   РСН агенттігі.

Зайыбымен     ажырасқысы  келген әлгі бейбақтың әйелі  оған  келісім бермеген,  тіпті   егер   күйеуі    сот арқылы   ажыраспақ болса,    өзіме  қол жұмсаймын деп қорқытқан.   Сөйтіп,     шақшадай басы    шарадай  болған   39 жастағы  ер азамат     маска,     ойыншық тапанша  және   қапшық  алып,     банк  тонауға барған.

Банкті  тонап,  алар  ақшасын  алғаннан кейін,   ол   полицияны    шақыруды  өтінген.  Жауап  алу кезінде   қылмысты  жасауға себеп болған   жоғарыдағы мән-жай анықталған.

Соңғы жаңалықтар