Американдық азамат 94 жыл бойы басында қалған оқпен өмір сүрген

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та адам айтса сенгісіз оқиға, басында қалған оқпен ең көп өмір сүру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген ер адам көз жұмды.

Американдық азамат 94 жыл бойы басында қалған оқпен өмір сүрген

Уильям Лоулис Пэйс 103 жасында Калифорниядағы қарттар үйінде қайтыс болды. Өмірінің соңғы 94 жылын ол басындағы оқпен ғұмыр кешкен. 1917 жылы Уильямның ағасы абайсызда әкесінің 22 калибрлі аңшы қаруымен оны атып жіберген. Дәрігерлер операция кезінде миына зақым келеді деп қорқып, оқты хирургиялық жолмен алмауға шешім қабылдайды. Дегемен тірі қалған Уильямның бір көзі мен жүйке тамырларына зақым келеді. Алайда бұл оның өмір сүріп, жұмыс істеуіне  еш кедергі келтірмеген көрінеді.   

Пэйс 2006 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген, деп хабарлайды утро. ру.