Американдық азамат өз асханасында қонжықтың үстінен шықты

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Аризона тұрғыны Фил Волк  өз үйінің асханасында мұның дайындап қойған тамақтарын қомағайлана жеп отырған қонжыққа тап болды,
None
None

деп хабарлайды Fox News. Оқиға бірнеше күн бұрын болды, әйтеуір жабайы жануармен кездесуде ешкім зардап шеккен жоқ, Волк шақырылмаған қонақтың өзін тым еркін ұстағанын айтты.

Аризона тұрғыны асханасындағы дыбыстарды естігенде  немересі екен деп, тексеруге барған. Бірақ баланың орнында сол жерде кішкентай аю жүрген еді. Шоколад тортынан ауыз тиген ол қоймадағы нан мен чипсыны, содан кейін кәмпитті қылғытқан.

Оқиға орнына аңшылық және балық аулау ведомствосының қызметкерлері шақырылды. Олар тағы аңды үйден шығарып, хайуанаттар бағына апару үшін оны уақытша ұйықтатып тастады.

Соңғы жаңалықтар