Американдық азаматша 91-ші туған күнінде парашютпен секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сент-Луистегі 90 жастағы Эвелин Штольц алғаш рет парашютпен секірді. Ол бұл ойын нұсқаушының көмегімен жүзеге асырыпты.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Штольц АҚШ қарулы күштерінде қызмет атқарған. Салмағы тым жеңіл болғандықтан, оған парашюттен секіруге тыйым салыныпты. Салмағы шамамен 43 келі.
Салмағының небары 43 келі болғаны осындай спорттық әрекетіне кедергі келтірмеді, деп хабарлады Lenta.ru.
Туыстарының сөзіне қарағанда, кейуана бұл әрекетке бірнеше ай бұрын бел буыпты. Ол өзінің 3 тамызда болатын 91-ші туған күні қарсаңында секіруді жоспарлаған.