Американдық бас штабтың бастығы ауысты
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-та Штабтар бастықтары біріккен комитетінің басшысы ауысты, ол ресейлік армиядағы Бас штабтың нұсқасы болып табылады, деп хабарлады РБК.
Бұл қызметке адмирал Майк Малленнің орнына бұрынғы құрғақтағы әскер басшысы генерал Мартин Демпси тағайындалды. Ол көп жылдар бойы әскери қимылдардан аулақ жерде қызмет етті, аздаған уақыт Ирактағы коалициялық әскерге басшылық жасады. Алайда сыншылар бұл жылдарда экстремистер одақтастарға қарағанда едәуір табысқа жеткенін әлденеше рет атап өтті.
Соған қарамастан, Б.Обама өзінің құттықтау сөзінде «әлемдегі ең таңдаулы» деп атаған армия сенімді қолға берілді деп санайды.
М.Демпсидің және басқа да жоғары лауазымды әскерилердің алдына АҚШ президенті біраз тапсырмалар беріп, Ирактан әскерді шығару, ауғандықтардың экстремистерге қарсы қорғанысын дербес қолға алуына көмектесу, «Әл-Кайеданы» талқандау міндеттерін қойды.