Американдық экипаж Халықаралық ғарыш стансысына аттанды

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Кеше 2010 жылғы сәуірдің 5-інде мәскеу уақытымен 14 сағат 21 минутта американдық «Дискавери» STS-131 ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансысына жол тартты,

Американдық экипаж Халықаралық ғарыш стансысына аттанды

деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметі.

«Шаттл» экипажының құрамында НАСА астронавтары Алан Пойндекстер, Джеймс Даттон, Ричард Мастраккио, Дороти Меткаф-Линденбюргер, Стефани Уилсон, Клейтон Андерсон және Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавы Наоко Ямазаки бар.

«Дискаверидің» ХҒС-мен түйісуі сәуірдің 7-сіне мәскеу уақытымен 11 сағат 44 минутқа белгіленген. STS-131 экипажы үш рет ашық ғарышқа шығады, сондай-ақ стансыға қызмет көрсету және оны қосымша жабдықтау жөнінде бірқатар міндеттерді атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір ХҒС-да алты адам жұмыс істейді. Олар - өткен жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкер Олег Котов, НАСА астронавы Тимоти Кример, Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавы Соити Ногути, сондай-ақ 2010 жылғы сәуірдің 4-інде келген ресей-американ экипажының құрамындағы Александра Скворцов, Михаил Корниенко және Трейси Колдвелл-Дайсон.

Американдық «шатллдың» келумен ХҒС тұрғындарының саны 13 адамға жетпек, олардың арасында төрт әйел - үш американдық және бір жапондық астронавт бар.