Американдық Эштон Итон онсайыстан әлемдік рекордты жаңартты

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Американдық Эштон Итон онсайыстан әлемдік рекордты жаңартты,

Американдық Эштон Итон онсайыстан әлемдік рекордты жаңартты

деп хабарлады Утро.ру.

Ол Лондон олимпиадасына іріктеу өтетін ұлттық чемпионат жарыстарында 9039 ұпай жинады. Бұған дейін онсайыстан әлемдік рекордты чех спортшысы Роман Шебрле орнатқан еді, оның ұпайы - 9026. Бұл көрсеткішті 11 жыл ешкім өзгерте алмады.

Итонның бұл жеңісі ағымдағы жылғы оның 2-ші өте жоғарғы нәтижесі. Бұған дейін ол әлем чемпионатында жетісайыстан әлем рекордын жаңартып, алтыннан алқа тағынған болатын.