Американдық фитнес-орталықта оқ атқан адам өзі де атылып өлген

АСТАНА. Тамыздың  5-і. ҚазАқпарат  -  Американың Питтсбург қаласының   жанындағы  Бриджфилдтегі      фитнес-орталықта  қанды қырғын   ұйымдастырған   адам  екі   мылтықтан    оқ  атқан, 

Американдық  фитнес-орталықта  оқ  атқан  адам  өзі де атылып өлген

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат  «Маяк» радиостансасына сілтеме  жасап.

Питтсбург     қаласының   шетіндегі  фитнес-орталықтардың бірінде  белгісіз біреу оқ  атып,   оқиға салдарынан  5 адам қаза болғанын, 15 адам жарақат  алғанын  ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Оқиға   Питтсбургтың    шетіндегі Great Southern    сауда орталығында  орналасқан L.A. Fitness  спорттық клубында  болған.   Қолына үлкен  спорттық  сөмке  ұстаған орта жастағы     ақ нәсілді   ер   азамат  латын биі сабағы   өтіп   жатқан    сыныпқа   кіреді  де,  жан-жағына қарап  алып,     жарықты сөндіреді, сөйтеді  де    оқ  атады. Бұл туралы куәгерлер  айтып  отыр.  Оқиға  кезінде залда   30 шақты әйел болған.

Оқиғаның мән-жайы  туралы   жергілікті полицияның ақпараты бойынша, қанды    қырғынның  құрбандарының  біреуі    қылмыскердің  өзі. Ол  қырғынның соңында  өзін-өзі атып тастаған.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.