Американдық Forbes-ті Гонконгтің инвесторлар тобы сатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтағы Integrated Whale Media Investments (IWM) инвестициялық тобы Forbes Media LLC компаниясының бақылау акциялары пакетін сатып алды, деп хабарлады Lenta.ru.
Форбстың отбасы компанияның елеулі үлесін өздерінде сақтап қалады және басылым игілігі жолында белсенді қызметін жалғасырады, ал Стив Форбс Forbes Media LLC президенті және іскерлік журналдың бас редакторы қызметінде қалады.
«Бұл біздің фирманың тарихындағы маңызды кезең, біздің отбасы көреген инвестициялық топпен жұмысты одан әрі жалғастыруға қуанышты, компания одан әрі өсіп, дами беретін болады», - деді ол.
Компания 2013 жылды да соңғы алты жылдағы ең жақсы көрсеткішпен табысты аяқтады. Бұл брендтің аудиториясы шамамен бүкіл әлемдегі 63 мемлекеттегі 75 миллион адамды құрайды.