Американдық ғалымдар өмірді тыныс алусыз 30 минутқа дейін сақтай алатын аппарат ойлап тапты

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Массачусетс штатының Бостон қаласында орналасқан Балалар клиникалық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары адамға ауасыз 15 минуттан 30 минутқа дейін шыдау мүмкіндігін беретін препаратты ойлап тапты.

Американдық ғалымдар өмірді тыныс алусыз 30 минутқа дейін сақтай алатын аппарат ойлап тапты

 Бұл туралы журналистерге орталықтың жетекші кардиологы Джон Хейр мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

 Хейрдің айтуынша, «жануарларға жасалған табысты тестілеу адамдарға алдағы уақытта жасалатын клиникалық сынақтарда тиімді нәтиже береді». Сериялық өндіріске күтіліп отырған бұл ғылыми жетістік денсаулық сақтау саласындағы революциялық кезең болмақ. Медициналық қызметкерлер тынысы нашарлаған немесе қандай да бір себептермен өкпесі жұмыс істемей қалған миллиондаған адамдардың өмірлерін сақтап қалатын болады.