Американдық ғалымдар суасты Wi-Fi жүргізді
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Буфало университетіндегі американ ғалымдары мұхиттар астында сымсыз суасты Wi-Fi-ды ойдағыдай сынақтан өткізді. Сөйтіп, жұмбағы көп суасты әлемін егжей-тегжейлі зерттеу жолында үлкен қадам жасалды, деп хабарлады Информинг.ру сайты.
Мамандар үшін кәдімгі Wi-Fi желісінде қолданылатын радиотолқындарға балама табу басты проблема болды. Сонда ғалымдар дыбыстық толқындар шығаратын датчиктерге тоқталды. Бұл құрылғылар теңіз тереңдіктерінде орнатылады, ал дабылды қабылдайтын роуттер кемеде немесе жағалауға орнатылады. Бұдан кейін дыбыстық толқындар Wi-Fi дабылдарына айналдырылып, ұялы немесе спутник желілеріне беріледі, одан тікелей ұялы немесе компютерлік құрылғыларға беріледі.
Жаңа технология мұхиттағы тіршілікті бақылаумен қатар цунами қаупін алдын ала білуге, алапты ластау көздерін анықтауға, бұл өз кезегінде экологиялық апаттардың алдын алуға және апаттар салдарын барынша азайтуға мүмкіндік бермек.