Американдық генерал ауғандық қауіпсіздік күштерін дайындайтын нұсқаушылардың санын арттыру керек деп отыр
Генерал бұл туралы сейсенбі күні солтүстікатлантикалық альянстың Брюссельдегі штаб-пәтерінде НАТО әскери комитетінде сөйлеген сөзінен кейін, журналистерге мәлім етті.
У. Колдуэлл, «өткен жылдың қараша айында Ауғанстанда оқу дайындықтары миссиясы ашылғалы бері үлкен ілгерілеушіліктерге қол жеткіздік. Ауғанстандағы қауіпсіздікке қолдау көрсетуші халықаралық күштердің қатарына кіретін мемлекеттердің күш-жігерлерінің арқасында, өткен тоғыз айда нұсқаушылардың саны үш есеге артты - 3,5 мың адамға дейін жетті», - деді өз сөзінде.
Дегенмен, 2011 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарыла бастайтындықтан, сондай-ақ ауған ұлттық армиясы мен полициясының санын арттыру жоспарланып отырғандықтан, жергілікті мамандарды оқыта алатын қосымша арнайы нұсқаушылар бөлу қажет-ақ.
«Нұсқаушылардың жетіспеушілігі полицейлер мен сарбаздарды дайындаудың сапасына, сондай-ақ олардың өз міндеттерін атқара білу қабілеттеріне теріс әсерін тигізеді. Ал онсыз дайындау базасын кеңейту, қосымша бөлімшелер құру және басқа да мәселелер кейінге қалдырылатын болады. Жинақтай келгенде, осының барлығы елдегі жағдайды бақылау міндетін ауғандық қауіпсіздік күштеріне тапсыру процесін баяулата түседі», дейді генерал.