Американдық компания Ай бетінде көкөніс өсірмек
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары, адамдар Жердің серігін мекен еткен жағдайда, өз бетімен қоректене ала ма деген сауалға жауап іздеп, Ай бетінде көкөніс, оның ішінде брюссель қырыққабатын өсіріп көрмек,
деп хабарлайды британдық бұқаралық ақпарат құралдары. НАСА-мен бірлесіп жұмыс істейтін аризоналық Paragon Space Development Corporation корпорациясы гүлдердің кейбір түрлері мен қырыққабаттар өсіруге болатын шағын жылыжайларды Ай бетіне жеткізу туралы жоспарын жария етіп отыр. Өсірілетін дақылдар, теория бойынша, келешекте адамдарға қорек қана емес, үй малдары үшін жем-шөп те болуы керек. «Ай оазистері» деп аталған жылыжайлардың биіктігі 45 сантиметрден аспайды. Олардың пішіні де ай бетіне өсімдіктерді аман-есен жеткізуге ыңғайлы етіп жасалған. Жылыжайлар Ай бетіне 2012 жылға қарай жеткізіледі деп жоспарлануда.Эксперимент авторлары брюссель қырыққабатын кездейсоқ таңдап отырған жоқ. Оның өсіп-жетілу кезеңі 14 күнді құрайды, ал бұл уақыт ай бетіндегі бір түннің ұзақтығына тең.