Американдық көріпкелдің болжамынша, жер бетін топан су басқаннан кейін Астана портты қалаға айналады
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Футуролог Майкл Гордон Скаллионның сәуегейлігіне сәйкес, жер бетін топан су басқаннан кейін Астана портты қалаға айналады.
Оның есептеуінше, Қазақстанның батысында Каспий, Арал, Балтық және Қара теңіздердің қосылуынан өте үлкен теңіз пайда болады. Бұл жайында «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Астана - бес теңіздің порты» деген мақаласында баяндалған.
Американдық сәуегей ұзақ жылдардан бері апокалипсистің орын алуы мүмкін сценарийін зерттеумен айналысып келеді. Жазушының пайымынша, ағымдағы жылдан бастап топан су басу қаупінің алғақшы белгілері байқалған. Соның бірі жаз айының аптап ыстық болуы. Таяу аралықта солтүстік полюстегі мұздықтар ери бастап, содан кейін жер бетін топан су басады. Футурологтың сызған картасына қарағанда бұл жаһандық апаттан Қазақстан да зардап шегеді. Орал тауын есеп алмағанда, елдің батысы толығымен су астында қалады. Ал теңіз Астананы айнала қоршап, жаңа портты қала пайда болады.
Елорданың солтүстік жағалауын ұлғайған Солтүстік мұзды мұхиты шаяды. Ал Іле Алатауы нағыз жер жәннатына айналады. Алматыдағы жылжымайтын мүлік бағасы Еуропа мен АҚШ-тың жекелеген қалаларынан да жоғары болып отырғандығы мүмкін сондықтан да шығар.
Майкл Гордон Скаллионның болжамынша, Жапония мен Таяу Шығыс толығымен су астында қалады. Ал АҚШ-та елдің орталығындағы аграрлық штаттар ғана құрғақ күйінде сақталады. Ресейде тек Сібірді ғана су баспайды. Беларусь пен Украинаның шекаралары аумағында шағын арал пайда болады.
«Мен Гордон Скаллионның есептеуі дұрыс деп санаймын. Ал Солтүстік полюстің мұздығы соншалықты жылдам еруі мүлдем басқа мәселе. Ия, Скаллионның сценарийі осы ғасырда орын алуы мүмкін. Дегенмен топан судың 2-3 жылдың ішінде басуы қисынсыз», - дейді алматылық климатолог Арсений Баженов.