Американдық лотереяда 1,5 млрд. доллардың рекордтық джекпоты ойналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Powerball лотереясында тарихтағы ең үлкен джекпот - 1,5 млрд. доллар ойналады. Бұл туралы елде лотереяға жауапты лауазымды тұлғалар мәлім етті, деп хабарлады Росбалт Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Американдық лотереяда 1,5 млрд. доллардың рекордтық джекпоты ойналады

Жеңімпаз біржолғы 930 млн. долларды алады немесе 29 жыл бойы жыл сайын бөліп-бөліп алып тұрады.

Хабарланғандай, ұтыс сомасын ұлғайтуға лотереялық билеттерге сұраныстың артуы ықпал етті. Екі күн бұрын Powerball лотереясындағы рекордты сома 1,3 млрд. долларға жеткен.

Бұған дейін - 9 қаңтарда 948,8 млн. доллар ойналды. Алайда қатысушылардың бірде-бірінде ұтыс комбинациясы болмады.

Соңғы рет Powerball лотереясындағы 425,3 млн. долларды калифорниялық зейнеткер ұтып алды.

Лотерея АҚШ-тың 44 штатында, Колумбия округінде, Пуэрто-Рикода және Виргин аралдарында өткізіледі.