Американдық лотереядан 250 миллион АҚШ долларын ұтты

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Миссури штатындағы тәулік бойы жұмыс істейтін дүкеннің сағатына 7 АҚШ долларын табатын, қызметшісі Крис Шо «Пауэрболл» лотереясынан ірі ұтысқа ие болды. Оның бақытты билетіне 258,5 миллион доллар көлеміндегі джек-пот түсті.

Американдық лотереядан 250 миллион АҚШ долларын ұтты

Элтон қаласының 29 жасар тұрғынының айтуынша, ол өз ұтысын бөліп төлеу келісімімен алған машинасы үшін 1 мың доллар қарызынан құтылуға, коммуналдық қызмет үшін есепшотын төлеуге, сондай-ақ өзінің үш баласымен және құрбысының екі баласымен Флорида штатындағы «Диснейлендке» баруға жұмсамақ.

Бақытты билетін жолы болғыш жігіт, өзі жұмыс істейтін Маршалл қаласындағы дүкенде, ұтыс ойналатын күні - сәуірдің 21-інде 5 долларға сатып алған екен. Джек-потты ұтып алу үшін Шо алты ұтыс нөмірін дұрыс таба алып, оған қоса қосымша шардың да ұтыстық нөмірін атап берген.