Американдық маман Майкл Вэйдер қазақстандық кәсіпкерлерге «Лин» жүйесінен тренинг өткізді

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы «Алатау» технопаркінде американдық маман Майкл Вэйдер қазақстандық компаниялар өкілдеріне «Лин» жаңа өндірістік жүйесінен тренинг өткізді,
None
None

деп хабарлдайды ҚазАқпарат.

Оған Қазақстандағы белді компаниялар өкілдері қатысты. «Ұқыпты өндіріс негізіндегі лидерлік және бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын жобасымен таныстырған американдық маман қазақстандық кәсіпкерлерге өндірістегі тиімділік жолдарымен таныстырды.

«Менің Қазақстан туралы білетінім аз. Ел экономикасымен және тұрғылықты халықтың дәстүр-ділінен де хабарым жоқ. «Лин» жобасын өндіріске ендіруде осы мәліметтерді білу өте маңызды. Алдағы уақытта жергілікті компаниялармен жұмыс істеп, үлкен табыстарға жетеміз деген сенімдемін», дейді «Lean Plus» президенті, «Lean Manufakturing» жүйе енгізу тобының директоры Майкл Вэйдер. Оның айтуынша, тамыз айының соңына қарай Қазақстанға қайтып келіп, осындағы бірлесуге өтініш білдірген компаниялармен жұмысын бастамақ.

«Лин» сөзінің шығу тегі Кайдзен жаңа технологиялар жүйесінен бастау алады. Ал Кайдзен жүйесін ойлап тапқан жапон бизнесмендері болатын. Кейін бұл жүйені өздеріне қабылдап, өз нұсқалары бойынша жүргізе бастаған американдықтар оны «Лин» деп өргерткен еді.

Соңғы жаңалықтар