12:53, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Американдық миллионер 16-қабаттың терезесінен секіріп кетті
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - 86 жастағы американдық миллионер-меценат Роберт Уилсон Нью-Йорктегі Манхэттенде өз үйінің 16-қабатындағы терезеден секіріп, ажал құшты.

Ақшалы алпауыт оны танитын адамдардың арасында жомарттығымен аты танылған болатын. Уилсонның өзіне-өзі қол жұмсауына оның денсаулығының нашарлауы себеп болса керек. Жақында ол жүрек талмасына ұшыраған және достарына өзінің өмір сүргісі келмейтінін айтқан.