14:06, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Американдық палеонтологтар қанатты динозаврдың жаңа түрін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Питтсбург қаласындағы Карнеги жаратылыстану тарихы мұражайының палеонтологтары қанатты динозаврдың жаңа түрін тапқандықтарын жария етті.
Ғылыми мекеме өкілі Мэтт Ламманның айтуынша, палеонтологтар шамамен 70 млн. жыл бұрын Жер бетінде тіршілік еткен динозаврдың толық қаңқасын құрастырды.
Осыдан 10 жылға жуық Солтүстік және Оңтүстік Дакота штаттарының 3 аумағынан табылған болатын. Сондықтан да Anzu Wylie атауы берілген динозавр қаңқасын құрастырып шығу зор қиындықтар туындатқан еді.
Алғашқы овирапторлар туралы деректер 1924 жылдары белгілі болып, «жұмыртқа ұрлаушы» атауы берілген еді. Өйткені динозавр қаңқасы табылған жерден жұмыртқалар шыққан болатын. Ғалымдардың пікірінше, динозаврлардың жұмыртқалармен қоректенуі мүмкін.