11:07, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Американдық Сенат Иранға қатысты санкцияларды бірауыздан мақұлдады
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американдық Сенат Ақ үйдің АҚШ-тың кейбір одақтастарымен қатынастарына нұқсан келуі мүмкін деген қаупіне қарамастан, Иранға қатысты санкцияларды мақұлдады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Заң жобасыына сәйкес АҚШ-тағы шетелдік банктер ирандық Орталық банкпен іскерлік байланыстары үшін айыппұлға тартылады.
Американдық үкімет өкілдерінің пікірінше, мұндай шаралар мұнай бағасының өсіп, одан жанама түрде Иран пайдаға қалуы мүмкін.
Енді құжат Өкілдер палатасында қаралмақ.
Бұдан бұрын Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Иранға қатысты санкцияларды күшейту қажеттігін алға тартқан болатын. Олар 180 позиция бойынша санкция әрекет ететін компаниялар мен тұлғаларды тізімге қосты.