Американдық суретші Эдвард Хоппердің картинасы бәссаудада 40,5 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Танымал американдық суретші Эдвард Хоппердің « Уихоукендегі шығыстан соққан жел» атты картинасы бейсенбі күні Нью-Йорктегі Christie's бәссауда үйінде 40,5 млн. долларға сатылды.
Бәссауда өкілдерінің хабарлауынша, бұл шығарма Хоппердің ең қымбат туындысына айналды.
Суретте Нью-Джерси штатындағы Уихоукен қаласының шетіндегі бос көше бейнеленген.
Сатып алушының аты-жөні айтылмай отыр. Оның саудаға тек телефон арқылы қатысқаны белгілі болды.