Американдық суыр АҚШ-қа көктем ерте келетіндігін болжады

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең танымал «халықтық метеоролог» Пенсильвания штаты Панксутони қаласының Фил есімді суыры АҚШ-та көктем ерте келетіндігінен хабар берді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Американдық суыр АҚШ-қа көктем ерте келетіндігін болжады

Суыр күні - христиандық Еуропадан келген және елде кеңінен танымал дәстүрлердің бірі. Еуропада ақпанның 2-сін Candlemas «Балауыздар күні» деп атаған. Ырымға сенсек, егер сол күні күн ашық болса, қыстың екінші жартысы суық болады деп болжанған.

Ал АҚШ-та 2 ақпан күні қысқы ұйқыдан оянған суырдың «ауа райы туралы болжамын» бақылау рәсімі мыңдаған адамның қатысуымен өтеді. Егер мақұлық өз көлеңкесін көрмесе және інінен тыныш шықса, көктем ерте келеді деп саналады. Ал егер суыр өз көлеңкесін көрсе және ініне қайта тығылса, қыс әлі тағы 6 айда созылады деген сенім бар.