Американдық ұшақ шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - American Eagle американдық әуе компаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Нью-Йорктың Ла-Гуардиа әуежайына қонды.
Лайнер ұшқыштардың кабинасынан түтін шығуына байланысты әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған.
Әуе кемесі Нью-Йорктен Ноксвиллға (Теннесси штаты) бағыт алған. Әуежайдан көтерілген соң, көп ұзамай ұшқыштардың кабинасынан түтін байқалған, соған байланысты экипаж командирі осындай шешім қабылдаған.
Ұшақ жерге қонғаннан кейін барлық 44 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Болған жағдайға байланысты Ла-Гуардиадан ұшуы тиіс бірнеше рейс тоқтатылды.