19:21, 17 Ақпан 2013 | GMT +5
Американдықтар әлемдегі ірі авиакомпания құрмақ
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - "American Airlines" және "US Airways" компниялары бір-бірімен қосылатынын жариялажды, бұл мәміле 11 миилиард долларды құрайтын болады, деп хабарлады MIGnews.com.

Компания өкілдері қосылғаннан кейін әлемдегі ең ірі авиатасымалдаушы күн сайын алты мың жеті жүз ұшуды жүзеге асырады, деп мәлімдеді. Жыл сайынғы табыс 40 миллиард долларға балануда. Сондай-ақ қаржыны үнемдеу 150 миилон доллар болмақ. Мәміле осы жылдың үшінші тоқсанында жүзеге асырылады деп күтілуде.
Егер бәрі жсопарлағандай болып шықса, төрт авиакомпания американдық авиа тасымалының төрттен үш бөлігін бақылауға алатын болады. Дегенмен билет бағасының арзандамайтын түрі бар.