Американдықтар қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан-американ ынтымақтастығы ұйымының американдық бөлімшесі қазақстандықтарға Ұлыстың ұлы күніне орай құттықтау жолдады,

Американдықтар    қазақстандықтарды  Наурыз   мейрамымен   құттықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Наурыз табиғаттың жаңару мерекесі, бұл мереке адамдардың жүрегінде ең тамаша және ең ізгі сезімдерді оятады. Осы бір көңілді де жарқын мейрамды бүкіл Орталық Азия атап өтеді, бұл мереке бізді өзіне іңкәр етеді, адамдар бір-біріне жақын бола түседі. Америка халқы қазақстандықтарға бейбітшілік пен гүлдену тілейді. Бүгінгі әлемдік дағдарыс осынау қуанышты мейрамға көлеңке түсірмейді және бірлесе отырып, барлық кедергілерді еңсере аламыз деп үміттенеміз», делінген құттықтау хатта.