21:26, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Американдықтар «Манас» авиабазасына қайта оралуы мүмкін
МӘСКЕУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Қырғызстан Президенті АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы әскерлерін жабдықтауға пайдаланылатын «Манас» авиабазасы жөнінде келіссөздердің жалғасуы ықтималдығын мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.«Біз есікті тарс жапқан жоқпыз, АҚШ басшылығы ұсынатын барлық нұсқаларды қарастыруға әзірміз», - деді Құрманбек Бакиев. Бакиевтің айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөздер басқаша форматта жүргізіледі және онда әуежайды пайдаланудың жаңа шарттары талқыланбақ.