Американдықтар өмірінің орташа ұзақтығы - 78 жас

НЬЮ-ЙОРК - АТЛАНТА.  Тамыздың  20-сы.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Американдық денсаулық сақтау саласының  шенеуніктері     АҚШ-та адам өмірінің  орташа ұзақтығы   артып,  өлім-жітімнің    қысқарғанын  айтып отыр.

Американдықтар   өмірінің  орташа  ұзақтығы  - 78 жас


Бұл  қорытынды 2007 жылғы мәліметтердің  негізінде   жасалған.

 Денсаулық сақтау саласында  статистиканың  ұлттық орталығынан  хабарлағандай,  американдықтардың орташа өмір ұзақтығы  78 жасқа жетіп  отыр.  Дейтұрғанмен,      осы көрсеткіш бойынша да АҚШ        дамыған  басқа 30 елден  кейін келеді.    Мысалы,   жапондықтар орта  есеппен  83 жасқа дейін өмір сүреді  екен.

Мамандар  сонымен бірге,  сегізінші  жыл қатарынан  елде өлім-жітімнің  біртіндеп  қысқарып  келе жатқанын  айтуда.  2007 жылы  бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 760 фактіні  құраған.   АҚШ-та   адам өлімінің     жартысына  жуығының  себебін   -  жүрек    аурулары мен  қатерлі  ісік  аурулары құрап  отыр.