02:23, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
Американдықтар Питердің ірі сауда орталығын миллиард долларға сатып алды
АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Ресейдің солтүстік астанасында коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында рекорд орнатылды.

Питердің сауда орталығы американдықтарға 1,1 миллиард долларға сатылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Нева және Лигов даңғылдарының қиылысында орналасқан «Галерея» сауда орталығының жаңа иесі Morgan Stanley Real Estate Fund инвестициялық қоры. Орталық ғимараты екі жыл бұрын 380 миллион долларға салынған болатын. Оның бұрынғы иесі қазақстандық Мeridian Сapital компаниясы еді.
Атап өтерлігі, бұл американдық Morgan Stanley компаниясының Ресей нарығына алғашқы кіруі. Нарық талдамашыларының пікірінше, бұл бизнестің өрлеуіне үлкен мүмкіндік беретін тиімді мәміле. Өйткені «Галерея» - Ресейдегі ең заманауи сауда орталықтарының бірі.