Американдықтар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашық космосқа шығады - Халықаралық ғарыш стансысы

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Американдық астронавтар Трейси Колдвелл-Дайсон мен Дуглас Уилок бүгін ашық космосқа шығады. Олар Халықаралық ғарыш стансасының американдық сегментіндегі жылу реттегіш жүйесін жөндейді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Американдықтар жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін ашық космосқа  шығады  - Халықаралық ғарыш стансысы

АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігінің хабарлауынша, ғарышкерлердің бұл «жорығы» 6,5 сағатқа созылады.