Американың Арканзас штатында торнадодан алты адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Арканзас штатының Фолкнер округының билігі аймақтағы торнадодан алты адамның қаза болғанын хабарлады. Бұған дейін Оклахома штатында екі адам зардап шеккені жарияланған болатын.
None
None

Бұл туралы РИА Новости жергілікті KTHV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Бәрінен де қатты Вилония мен Мейвлауэр қалалары зардап шекті. Телеарнаның мәліметтері бойынша, апат салдарынан көптеген үйлер қирап, 10 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Залал мөлшері анықталып жатыр. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметтері бойынша, штаттың батысы Нью-Мексико мен шығысы Теннесси аумағының шекарасына әлі де торнадо қаупі төніп тұр. Американың тоғыз штатының билігі тұрғындардан қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Жұма күні Солтүстік Каролина штатында бірден бірнеше торнадо орын алған. Оның салдарынан 200-ге жуық үй қирап, 16 адам ауруханаға көмек сұрап барған.

Соңғы жаңалықтар