07:13, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Американың екі шіркеуінде жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы екі шіркеуде қолдан жасалған жарылыс құрылғысы іске қосылған.

Екі жарылыс та Лас-Крусес қаласында болды. Алғашқы жарылыс құрылғысы - баптистер, ал екіншісі - католиктер шіркеуінде іске қосылған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицияның хабарлауынша, олардың күші әлсіз болған.