17:17, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Американың Невада штатында 5,1 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Американың Невада штатында қуаты 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасаған РБК хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 12,4 шақырым тереңдікте болды. Зілзала кіндігі Тонопа қаласынан батысқа қарай 72 шақырым жерде орналасты. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы хабарланған жоқ.