Американың төрт президенті халқына жасаған жақсылықты Қазақстанда Н.Назарбаев бір өзі жасады - «Вайнах» шешен-ингуш ҰМБ жетекшісі С.Героев

АНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының форумында «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Салман Героев, Американың төрт президенті халқына жасаған жақсылықты Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев бір өзі жасағандығын атап өтті.

Американың төрт президенті халқына жасаған жақсылықты Қазақстанда Н.Назарбаев бір өзі жасады - «Вайнах» шешен-ингуш ҰМБ жетекшісі С.Героев

«Елдің жоғарғы мемлекеттік лауазымына әділ, ашық әрі шүбәсіз демократиялық сайлаудың нәтижесінде белгілі данагөй саясатшы, әлем пікірімен санасатын - еліміздің Басшысы Н.Назарбаев жеңіске жетті. Н.Назарбаевтың даналығы - қарым-қатынастардың негізіне жалпы адамзаттық құндылықтар мен мәдени өзара қатынастар салынған - ұлатаралық проблемаларды шешуде байқалды», - деді С.Героев.

«Бүгін осы залда жаратылысымыз бен діни сеніміміз әртүрлі адамдар жиналып отырмыз. Бірақ бізді, Н.Назарбаев қалаған бір елдің азаматтары болуымыз біріктіреді. Міне, 20 жыл бойы Н.Назарбаев елін айқын жолмен алға сүйреп келеді. Біздің «қазақстандықтар» аталуымыз - асқақ әрі абыройлы естіледі. Сондықтан қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, дүнгендер, депортацияланған шешен-ингуштар, немістер, корейлер, поляктар, кезінде тағдыр тауқыметін тартқан жалпы қазақстандықтар өздерінің мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап қалды. Біз 3 сәуір күні қазақстандық патриоттығымызды, бірлік рухын көрсетіп, Елбасы Н.Назарбаевқа дауыс бердік», - деп сөзін жалғастырды ол.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылында пост кеңестік кеңістікте жаңаша жаңғырған көшбасшыға айналды. Әлем сыйлайтын экономикалық мықты, саяси тұрақты ел болып қалыптасты.

«Америкалықтар төрт маңызды іс жасаған өздерінің төрт президентін бағалап, құрметтейді. Ол шынымен де солай. Мәселен, Д.Вашингтон Америка Конституциясының авторы, Т.Джефферсон тәуелсіздік декларациясын паш етті, А.Линкольн ұлтаралық бейбітшілікті, Т.Рузвельд жайлы әлеуметтік жағдайды қамтамасыз етті. Осы айтылған төрт міндет - Декларация, 15 жыл бойы қазақстандықтардың бостандықтары мен құқықтарының кепілі болып келген - Конституция, жергілікті халық пен оны мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің бірлігінің институты - Қазақстан халқы Ассамблеясы мен халықтың жоғары өмір сапасы - Президент Н.Назарбаевтың арқасында небәрі 20 жылдың ішінде шешілді. Міне, сондықтан да Н.Назарбаев халқына қызмет ете беруге тиісті және солай бола береді», - деп түйіндеді сөзін ол.