Американың Вашингтон штатында белгісіз біреу үш адамды атып өлтірді
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат – Синьхуа – Сейсенбі күні таңертең Американың Якима қаласында (Вашингтон штаты) белгісіз біреу дүкенге кіріп, үш адамды атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция күдіктінің қашып жүргенін мәлімдеді, оның неліктен бұлай істегені белгісіз.
Якима полициясының бастығы Мэтт Мюррей сейсенбі күні таңертең ер адам Circle K дүкеніне кіріп, үш адамды атып өлтіргенін хабарлады. Содан кейін қылмыскер жүргізушіні атып, оның көлігіне мініп, кетіп қалған.
«Бұл кездейсоқ оқиға сияқты», - деді М. Мюррей әлеуметтік желілерде жарияланған видеода.
Фото: nbcnews.com