Американың Юта штатының тұрғыны жеті сәбиін өлтіргені үшін айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың ЮТА штатының полиция қызметкерлері 39 жастағы Меган Хантсманды тұтқынға алды, ол өзінің жеті сәбиін өлтірді деп айыпталуда, деп жазады РИА Новости.
Полиция қызметкерлері әйелдің бұрынғы үйінен картон қорапқа салынған жеті баланың мүрдесін тапқан. Олардың айтуынша, қатыгез ананың қолынан ажал құшқан алғашқы сәбиі мен соңғы сәбиінің арасында он жас айырмашылығы болған, яғни өлтірілген нәрестелер 1996 және 2006 жыл аралықтарында туған.
Ал бір нәрестенің мүрдесін тауып алып, бұл туралы полицияға хабар берген оның туысқаны күмәнді қорапты гаражды жинап жүргенде тауып алған. Қазіргі кезде әйел Юта штатының түрмесіне қамалды. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.