Американың жаулары Интернеттегі Пентагонның құпияларын зерттеуде

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - «Тәлібтер мен «Әл-Кайеда» содырлары «Викиликс» сайтында жария болған АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы соғыс туралы құпия құжаттарының мазмұнын зерттеу туралы бұйрық алыпты. Мұндай құпия деректердің жұртшылыққа жария болуының салдары өте ауыр»,- деп мәлім етті АҚШ қорғаныс министрі Роберт Рейтс. Бұл туралы «Маяк» радиосы» хабарлап отыр.

Американың  жаулары Интернеттегі Пентагонның  құпияларын     зерттеуде

Жақында АҚШ армиясының Ауғанстандағы әрекеттері туралы 77 мыңдай құпия материалдардың «Викиликс» интернет-порталына шығып кеткенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Сайтта Вашингтон бастаған коалиция жүргізіп жатқан соғыс туралы баяндайтын біраз маңызды құпиялар жария болған. Ол мәліметтердің ішінде - бейбіт халықтың көптеп қырылуы, пәкістандық арнайы қызметтердің «Талибан» қозғалысын қолдап отырғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ тәлібтердің батыс коалициясының авиациясына қарсы «жер-ауа» зымырандарын қолдану фактілері келтіріледі.

Айта кететін жайт, "Викиликс" интернет сайты «ауғандық досьедегі» тағы бірнеше мың құпия құжатты жарияламақ.