«Амир Хан-Мэнни Пакьяо» жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Амир Хан-Мэнни Пакьяо» жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Амир Хан-Мэнни Пакьяо» жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Амир Хан орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 38 жастағы Мэнни Пакьяомен жұдырықтасатынын мәлімдеді.

Амир Хан «Менің командам Мэнни Пакьяоның ұжымымен жекпе-жекке келісімге келді», - деп жазады өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Сондай-ақ, ол жекпе-жектің 23 сәуір күні өтетінін де жариялады.