«Әміре» фильмі халықаралық кинофестивальда жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Әміре» фильмі АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық өнер бәйгесінде бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Хабар24kz.

«Әміре» фильмі халықаралық кинофестивальда жеңіске жетті

Бұл туралы актер Санжар Мәдиев өзінің инстаграмдағы парақшасында: «Достар! «Әміре» фильмі Hollywood Film Festival кинофестивалінде бірінші орынды жеңіп алды және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды», - деп жазды.

«Жалпы дүниежүзілік кинематографияда музыкалық драма жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан бұл жанрдағы картинаның кино әуесқойларына ерекше әсер еткені анық. Заманында Парижде ән шырқап, кәрі құрлықтың талғампаз жұртын таңдай қақтырған қазақ тенорына арналған туындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген болатын»,-деп жазады портал.