Әмірхан Рахымжанов: Еліміздегі әрбір жас өренге зор жауапкершілік жүктеліп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы әрбір жас өренге елдің келешегі үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Жастар жылына байланысты Назарбаев орталығында өткен жастармен кездесуде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Елбасы ел өңірлеріндегі жігерлі жас буынның өкілдерімен, жалынды жастармен, креативті әрі еңбегі зор өрендермен кездескен болатын. Қазақстан тарихында жастардың орны ерекше. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы өз шешімімен жастар үшін болашаққа жол көрсетіп, «Болашақ» бағдарламасын бекіткен еді. Содан бері бірнеше мың студент әлемнің түкпір-түкпіріндегі үздік университеттерде оқып, қазір ел тұтқасын ұстар азаматтарға айналды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов секілді үлгілі азаматтар бүгінде ел үшін еңбек етіп келеді. Сол секілді дәрігерлер мен ұстаздардың ішінде, ғылым саласында барлық облыстарда жұмыс жүргізіп жатқан «Болашақ» түлектері еліне зор пайдасын тигізуда», - деді Әмірхан Рахымжанов.null

Профессордың айтуына қарағанда, талантты жастар мен олардың еңбегі - жарқын келешекке жол бастайды.

null «Біздің елдің прогресі, өркендеуі жастарға байланысты болмақ. Сеніммен бірге Қазақстандағы әрбір жас өренге елдің келешегі үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр», - деді Әмірхан Рахымжанов.null

Айта кетсек, Елбасы кітапханасындағы «Идеядан шындыққа дейін» атты жас көшбасшылардың кездесуінде замандастарына үлгі бола білген жастар өзінің табысқа қалай жеткенін айтып берді. Жастармен кездесуге Астана қаласының ЖОО мен колледжі студенттері алдында «Kazsed» бас директоры Алмас Тәтішев, «Kusto Group» агродивизионының басқарушы директоры Ернұр Айдаркин, «Астана жастары» ресурстық орталығының дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова, «Busines School Q4» негізін қалаушы Досан Қаумен қатысты.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» Жастар жылының ашылу салтанаты өткен болатын.null

Соңғы жаңалықтар