Әміржан Қосанов Үштөбе жұртшылығымен кездесті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың Қарағанды облыстық сайлауалды штабы аймақтағы үгіт-насихат науқанын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат үміткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бүгін кандидат штабының мүшелері және сенімді өкілдер тобы кандидатпен бірге Бұқар Жырау ауданындағы Үштөбе ауылында орналасқан К.Маркс атындағы құс фабрикасына барды.

Кандидаттың өңірлік штабының өкілдері оларға сайлауалды тұғырнаманың негізгі тармақтарын таныстырды. Қатысушылар құжаттың негізгі бағыттарын талқылады, аға буын, белсенді жастар және қарапайым тұрғындар өз пікірімен бөлісті. Қатысушылар, нақты айтқанда, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты туралы тармақтарды атап өтті, сондай-ақ өз ұсыныстарын жасады.

Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті. Өңірлердегі және ауылдық жерлердегі белсенді жұмыс - кандидат штабының басым бағыттарының қатарында.

Соңғы жаңалықтар