Әміржан Қосановтың көкшетаулық штабы бақылаушылар үшін семинар өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау бақылаушылары үшін семинар өткізілді. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясаттанушы Дос Көшім бүкіл ел бойынша сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар дайындауды жалғастыруда. Ол тренинг аясында бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайларда не істеу керектігін айтып берді.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелген.