AMIS жүйесі азық-түлік қауіпсіздігін арттырады - ФАО экономисі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын ақпараттық қамтамасы ету жүйесі (AMIS ) әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттырады. Бұл туралы бүгін елордада аталған жүйені таныстырған ФАО (БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) кеңсесінің экономикасы Наталья Меркушева мәлім етті.

«AMIS  бағаның күрт көтерілуіне үкіметтің реакциясы ретінде құрылған еді. Өздеріңізде жақсы білесіздер, 2008-2010 жылдары баға күрт көтеріліп кетіп, мұндай дағдарысты жағдайда бізде нарықтардың ақпараттық жүйесіндег көптеген проблемалардың бар екендігі білінді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанды қоса алғанда әлемнің жетекші 20 астық экспорттаушы елдерінің Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған AMIS  азық-түлік тауарлары нарығы туралы шынайы ақпаратттардың арттырдағы үкіметаралық тұғырнама саналады және дағдарысты жағдайда саяси шараларды үйлестіруді жақсарта түседі.

Н.Меркушеваның түсіндіруінше, AMIS-тің ресми ашылуы 2011 жылдың қыркүйегінде Римде жасалды. Сол жылдың желтоқсанына бері оның  www.amis-outlook.org  веб-сайты жұмыс істеуде. 

Соңғы жаңалықтар