Амманда тұрғын үй опырылып құлап, 5 адам мерт болды

АММАН. ҚазАқпарат –Иордания астанасының Жабал-әл-Лвебде тұрғын ауданында төрт қабатты тұрғын үйдің опырылуы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амманда тұрғын үй опырылып құлап, 5 адам мерт болды

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Үйінділер астында тағы да біраз адам қалған.

Иорданияның БАҚ істері жөніндегі министр және Иордания үкіметінің өкілі Фейсал әл-Шбуль үйінді астында шамамен 10 адам қалғанын айтты. Бірақ бұл ақпараттың әлі нақты емес екенін жеткізді. Қазіргі уақытта үйінді астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.


Фото: reuters.com