Аммандағы Қазақстан елшілігі жыл сайынғы дипломатиялық жәрмеңкеге қатысты
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Аммандағы (Иордания) Қазақстан елшілігі алғаш рет жыл сайынғы дипломатиялық жәрмеңкеге қатысты, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Амман тұрғындары мен шетелдік қонақтар үшін 15 қазанда саудаға ұлттық кәдесыйлар қойылып, елшіліктің қызметкерлерінің орындауында домбырада күйлер ойналды.
Жәрмеңке Иорданияның «Мабаррад Умма Аль-Хуссейн» жетімдер мен кедей балаларға көмек көрсету ассоциациясымен ұйымдастырылды. Іс-шара Басма ханшайымының (ІІ Абдалла король әкесінің әпкесі) қолдауының арқасында өткізілді.