Amnesty International: әлемде өлім жазасының саны күрт өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде өлім жазасының саны күрт өсіп, 1989 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті, деп хабарлады Amnesty International құқық қорғау ұйымы.
Құқық қорғаушылардың баспасөз хабарламасында жазылғандай, 2015 жылы әлем бойынша 1634 адам өлім жазасына кесілді. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 50% артық.
Өлім жазаларының 89%-ы Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясына тиесілі.
Статистикада Қытай үкіметі жазалаған адамдардың саны ескерілмеді. Өйткені қытайлық билік бұл ақпаратты жарияламайды.
Онда мыңдаған адам өлім жазасына кесілуі мүмкін, деді Amnesty International. Олардың ойынша, Қытай бұл ретте лидер болуы да ықтимал.
Сонымен қатар 2015 жылы көптеген елдер өлім жазасынан бас тартқан алғашқы жыл болды.